Курс «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағыты бойынша білім алатын бакалавриат студенттеріне, атап айтқанда ақпараттық жүйелер, информатика, есептеу техникасы, бағдарламалық инженерия және ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.
Курстың мақсаты:
Студенттерге заттар интернеті құрылғыларын жобалау, қосу және бағдарламалау бойынша базалық теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курс IoT жүйелерінің архитектурасын, микроконтроллерлерді, сенсорларды, атқарушы құрылғыларды, желілік хаттамалар мен бұлттық технологияларды зерделеуге, сондай-ақ қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жүйе құрамдастарын бірыңғай ортаға біріктіру қағидаларын меңгеруге бағытталған.