автор

«Қазақ ауыз әдебиеті» бойынша дайындалған ЖАОК   дәрістер кешенін, дәріс бойынша бақылау сұрақтарын, іс-тәжірибелік сабақта қарастырылатын негізгі сұрақтарды, тапсырмаларды және тест сұрақтарын қамтиды.

ЖАОК мақсаты қазақ ауыз әдебиетінің – халқымыздың бай  да, асыл қазынасы екендігін студенттерге ұғындыру, фольклористика ғылымы туралы білік дағыдысын дамыту. Ежелгі замандағы рухани мәдениеттің көркем үлгілері еңбек фольклоры мен ғұрыптық фольклор түрлері туралы білім беру. Батырлық жырдың жанрлық белгілері, көркемдік ерекшеліктері және зерттелуі, олардың көркем үлгілері туралы білім беру, патриотизмге, елді сүюге тәрбиелеу. Хандық дәуірдің өшпес мұралары – аңыз, әпсаналар мен жикаяттардың көркем үлгілері, жанрлық ерекшеліктері, зерттелуі туралы білім беру, студенттерді ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Хандық дәуірдегі шешендік сөз, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, олардың жанрлық ерекшеліктері, жиналуы мен зерттелуі жайында білім беру, студенттерді шешен де шебер сөйлеуге, көркем тілдің кестесін меңгеруге тәрбиелеу. Курс кешені студенттерге, магистранттарға және әдебиетті зерттеуші мамандарға арналған.