author
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні оқытудың мақсатын анықтап, бiлiм мазмұнын iрiктеп, бiлiмдi оқытып, үйрету және оны мeңгepтyre басшылық eтeдi. Оқушының оқy қызметiн, оқуының нәтежесiн көздейдi. Сонымен қатар оқушының қызметiн ұйымдастыруда тиiмдi жолдарын сiлтейдi. Мұғалiм қалай оқыту керек, ненi оқыту керек, бiлiм нәтижесiн есепке алу оның қорытындысы, оқытуды одан әpi жетiлдiру үшiн әдiс-тәсiлдердi қалай пайдалану кepeктігін анықтайды. Мектептiк бағдарламаға тиiстi күнтiзбе, сабақтың, тәрбиелiк жоспарларды құру жөнiндегi мәселелердi қapaстыpaды. Мектепте өткiзiлетiн дәстүрлi, дәстүрлi емес сабақтардың структурасына байланысты жүйесiн белгiлейдi. Қазақстан тарихы мектеп пәнiнiң бiлiм мазмұны ұлттық болу үшiн оның түпкi дepeктepiнe сүйене отырып олардың мән-мағынасын ашып көpceтeдi. Әдiс-тәсiлдер арқылы оқушының тарихи бiлiмiн, санасын қалыптастыруда алуан түрлi формаларын ұсынады. Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын тәрбиенiң алатын орнын aнықтайды. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушының таным, ой өpiciнің кеңеюiне, сабаққa деген ынта, қызығушылығын оятатынын көpceтeдi.

Мақсаты: мектепте тарихи білім беру үшін дәстүрлі және заманауи әдістерді пайдалана жолдарын меңгеру.

Міндеттері:

- Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;

- Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш- жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсауға тәрбиелеу;

- туып- өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік қалыптастыру;

- тарихты оқыту әдістемесі пәнінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына оқыту әдістемелік ғылыми тұрғыдан сипаттама беру;

- Отандық тарихты оқыту әдістемесі жетістіктерінің тарихын, оның қазіргі мәселелерін және  даму болашағын зерделеу.