author

author

Психология ғылымы саласындағы ғылыми зерттеу мәселелерін зерттейді. Пәннің мақсаты: студенттердің жұмыс барысындағы мәселелерді шешуде алған психологиялық білімдерін қолдануға, өзін-өзі тану мен жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру. 

Оқыту нәтижелері;

1.Қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және оларға өзінің кәсіби қызметінде бағдарланады.

2. Қойылған мақсат пен міндеттерді қол жеткізілген нәтижелермен салыстыра білумен, олардың сәйкестігін бағалай білумен және осы бағалауды ескере отырып, оқытуды әрі қарай жоспарлай білумен байланысты кәсіби біліктерді қалыптасуы тиіс;

3.Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде ұлттық сана туралы теориялық білімдерін қалыптастыру

4. Құндылықтар жүйесі және өзіндік анықталу негізінде тұлғаның «психологиялық портретін» түсіндіру

5. Психологиялық денсаулық және әлеуметтену процесін зерттеу үшін психодиагностикалық әдстерді қолдану

6. Тұлғаралық қарым-қатынас психологиясын талдау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуда психотехнологияларды пайдалану

7. Тұлғаның мінез-құлық модельдерін талдау арқылы әлеуметтік интеллект және имидж түсініктерін қалыптастыруға бағытталған психологиялық бағдарлама құрастыру.