
Курс «6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ студенттеріне арналған
Курс барысында механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электр және магнетизмнің, оптиканың, атом және атом ядросының физикасының негізгі тақырыптары қарастырылады. Табиғат құбылысының физикалық заңдары негізінде физика бойынша есептерді шешу тәсілдері талқыланады. Сандық және эксперименталды зерттеулерді орындау тәсілдері, нәтижелерді өңдеу және талдау жүргізу әдістері сипатталады.
Пәннің мақсаты: білім алушылардың назарын жаратылыстану пәндерінің заңдылықтары мен жалпы түсініктеріне, принциптеріне аударып,ондағы өтетін құбылыстарға талдаулар жасауды үйретіп, ғылыми және техникалық жетістіктерді ұғынуларына, алынған нәтижелерді практикада қолдана білулеріне, әлемнің қазіргі заманғы көріністерін толығымен суреттей алуларына ықпалын тигізуге бағытталған.