
«Мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі музыка бойынша сыныптан тыс сабақтар» пәнін оқыту болашақ тәрбиешіні бала музыка мәдениетін дамыту бойынша теориялық біліммен қаруландырып, практикалық тұрғыда әдістемелік дағдыларға машықтандыру мақсатын жүзеге асырады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі музыкалық сабақтар мен музыкалық бос уақыттың мазмұнын ашады. Пәндік даму ортасын құру үшін мектеп жасына дейінгі балалардың сабақтан тыс музыкалық іс-шараларын ұйымдастыру және жоспарлау әдістерін зерттейді. Болашақ маманның орындаушылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытудың жеке ерекшеліктеріне бағытталған. Курс мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық іс-шараларды дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып, балабақша тәрбиешілерінің музыка жетекшісінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық білімін жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыру Студенттерге балабақша балаларының байланыстырып іс-шараларды дамыта білуге қатысты теориялық- әдістемелік білім беру. Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық білімін жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыру
Оқыту нәтижелері:
Курсты оқығаннан кейін студент:
- Жас ерекшеліктеріне қатысты көркем әдеби жанр түрлерін баланың рухани дамуына қатысты үйретуді, әр топқа қатысты кіріктірілген ҰОҚ
үлгі жазбаларын құру дағдыларын меңгереді.
- Білім беру үрдісінің барлық кезеңдерінде кәсіби қызметтегі стандартты міндеттерді шешу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық және музыкалық-компьютерлік технологияларды қолдану.
– Балалардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін музыкалық педагогика, психология және басқа да аралас пәндер білімін қолдана отырып, музыканы оқыту технологиялары мен әдістерін көрсету
