СПОРТТЫҢ БАЗАЛЫҚ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ (ЖАҢАРТЫЛҒАН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША)
Жаңартылған мектеп бағдарламасы бойынша базалық спорт түрлерінің жалпы сипаттамасы:
Сабақтың ерекшелігі, қауіпсіздік техникасы және сабақтардағы жарақаттанудың алдын алу. Базалық спорт түрлерінде қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізгі әдістері. Әртүрлі мектеп жасындағы балалармен базалық спорт түрлері бойынша сабақтардың ерекшеліктері. Базалық спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыру және төрешілік ету.
Пәннің мақсаты: Спорттың базалық түрлерінің жіктелуі мен терминологиясын, негізгі қозғалыс әрекеттерін оқытудың техника негіздері мен әдістемесін зерделеу, дене тәрбиесі жүйесінің әртүрлі буындарында сабақтар ұйымдастыру. Жалпы білім беретін мектепте техниканы оқыту және әртүрлі бағыттағы (гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, жүзу, шаңғы спорты бойынша) сабақтар өткізу әдістемелері қарастырылады. Түрлі деңгейдегі бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру іскерлігін қалыптастырады.