«Графикалық дизайн тарихы» пәні – графикалық дизайнның қалыптасуы мен даму кезеңдерін, тарихи стильдер мен визуалды коммуникация эволюциясын қамтитын теориялық-танымдық курс. Пән барысында студенттер графикалық дизайнның пайда болу алғышарттарын, ежелгі өркениеттердегі графикалық коммуникацияны, орта ғасыр қолжазбалары мен типография бастамаларын, баспа революциясын, Қайта өрлеу дәуірі эстетикасын, XIX–XX ғасырлардағы өнер және қолөнер қозғалыстарын, Арт-нуво, Баухаус, конструктивизм, арт-деко, поп-арт, постмодернизм және заманауи цифрлық дизайн бағыттарын зерттейді. Сонымен қатар типография, плакат өнері, жарнама графикасы, бренд-айдентика, веб-дизайн, ұлттық және этнодизайн ерекшеліктері қарастырылады.
Пәннің мақсаты – студенттерге графикалық дизайнның тарихи даму кезеңдері, қазіргі заманғы үрдістері және осы үдерістің теориялық негіздері туралы тұтас түсінік қалыптастыру, кәсіби ойлау қабілетін дамыту, дизайн мәдениетін меңгерту және практикалық жобалау дағдыларын жетілдіру.
Курс нәтижесінде білім алушылар:
• графикалық дизайн тарихының негізгі кезеңдерін ажырата
алады;
• әртүрлі стильдер мен бағыттардың ерекшеліктерін талдайды;
• көркемдік процестер мен заманауи дизайн тенденцияларын анықтай алады;
• тарихи, мәдени, теориялық және философиялық аспектілерде дизайн өнімдерін
сараптайды;
Бұл пән болашақ дизайнерлер үшін теориялық негіз қалыптастырып, олардың шығармашылық, зерттеушілік және кәсіби дамуына бағыт береді.