Хор ұжымында және вокалдық ансамбльдерде (музыка сабағында және сабақтан тыс уақытта) вокалдық-хор дағдыларын қалыптастыру, өзінің болашақ педагогикалық кәсібінің негізі ретінде хорға деген көзқарасын қалыптастыру және көрсету. Вокалдық-хор дағдыларын, тыныс алу, вокалдық-хор жаттығуларын практикалық меңгеру. Вокалды-хор дағдылары: әннің тізбекті тыныс алуы мен дыбыс түзілуін дамыту; дауыс диапазонын кеңейту, регистрлерді тегістеу және туралау. Хордағы ансамбльдердің түрлері. Хор жүйесімен жұмыс.
Пәннің мақсаты: вокалды-хор орындау саласындағы пәндік құзыреттілікті арттыру.
Оқыту нәтижелері: ОН8 – композитордың идеясын жүзеге асыра отырып, музыкалық дыбыстың ерекшеліктері мен оның қасиеттерін, музыкалық бейнелі образда орындау үшін қажетті музыкалық қабылдау мен техниканы іске асыруды түсіну
ОН11 – оқу үрдісінде зерттеулер жүргізу үшін дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдану және музыкалық-практикалық мәселелерді шешу үшін музыкалық шығармаларды талдау әдістерін қолдану
ОН12 – музыкалық-теориялық және практикалық пәндер бойынша алған білімдерін вокалдық-хор, дирижерлік, хормейстерлік және аспаптық дағдыларды көрсетуде және музыка сабақтарын өткізуде жобалау мен орындаушылық процестерін модельдеу үшін жүйелеу және жалпылау.