Курстың мақсаты: музыка тарихы мен теориясы саласындағы пәндік құзыреттілікті арттыру болып табылады
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Студенттер қазақ музыкасының қалыптасуының ерекшеліктері мен үдерісі туралы білім мен түсінік алады, алдағы педагогикалық жұмыста өз білімдерін пайдалана алады, қазақ халқының музыкалық шығармашылығының даму кезеңдерін меңгере алады, оны зерделеу нәтижесінде осы курсқа өзінің оң көзқарасын білдіреді. Студенттер меңгереді: - қазақ музыкасы тарихының қалыптасуы мен ғылыми кезеңділігінің білуге сүйене отырып, музыкалық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру қабілетін көрсету; - көне түркі дәуірінің жазбаша ескерткіштерінің мазмұнын білу, олардың мәдени маңыздылығын анықтау; - кәсіби қазақ музыкалық мәдениетінің пайда болу, қалыптасу және даму кезеңдерін, қазақстандық композиторлардың, музыкатанушылардың шығармашылығын кәсіби-педагогикалық практикада қолдану.
Оқыту нәтижелері:
ОН2 – әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, білімді қалыптастыру үшін ақпарат көздерін жинау мен интерпретациялауды жүзеге асыру және өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау, өзінің педагогикалық тұрғыда дамуы үшін жаңа мақсаттар қою
ОН6 – қазақ халқының мемлекеттілігі формасының және оның өркениеті тарихының негізгі кезеңдерін тұтас және объективті түрде жария ету және ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін білу, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну