Курс барысында болашақ мұғалімдерге графика және жобалау пәнін мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері үйретіледі. Сызу, проекциялау, графикалық модельдеу, шығармашылық жобалау сияқты мазмұн тек меңгеріліп қана қоймай, оны қалай түсіндіру, қалай жеткізу керек деген сұрақтар қарастырылады. Жобалау графикасының әдістері мен түрлері. Графикалық және геометриялық құрылымдардың бейнелеу құралдары. Сызбаларды рәсімдеу ережелері. Сызбаларды оқу және орындау. Құрылыс сызбаларын орындау ережелері. Жобаны беру техникасы.
Сонымен бірге цифрлық графика, визуализация құралдары, жобалық оқыту, шығармашылық тапсырмалар жүйесі қамтылады. 6В01406- КӨРКЕМ ЕҢБЕК , ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ БББ магистранттарға арналған
Пәннің мақсаты
Болашақ педагогтердің графика және жобалау пәнін оқыту бойынша әдістемелік дайындығын қалыптастыру, графикалық мәдениетті, кеңістіктік ойлауды және жобалау іс-әрекетін дамытуға бағытталған оқыту технологияларын меңгерту
Оқыту нәтижелері
ОН7 – көркем еңбек сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесін меңгеру, оқытудың инновациялық технологияларының негізгі ұғымдары мен терминдерін қолдану, оқушылардың оқу жетістіктерін талдау, бағалау және диагностикалау, графикалық пәндерді оқыту әдістемесін білу.